13 қаңтар күні еліміздің бірқатар аумағында дабылды ескерту жарияланды
13 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазгидромет» РМК» орталығына сілтеме жасап.
Ақмола облысында ертең таңғы және күндізгі уақытта тұман түсіп, боран болады. Оңтүстік-батыстан күндіз 15-20 м/с жел соғуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының кей аумағында бұрқасын болады, батыстан соғатын жел жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.
Ал Оралда күндіз боран, батыстан жылдамдығы секундына 18 метрге жететін жел соғуы мүмкін. Дауыл ықтималдығы 90-95 пайыз.
Қостанай облысында және Қостанай қаласында тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады.
Қызылорда, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.
Ақмола облысында бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан күндіз 15-20 м/с жел соғуы мүмкін.