Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қала әкімінің міндетін әкім орынбасары Жұмабек Қаражанов атқарып жатыр

Фото: azh.kz

Атырау қаласының әкімі Қайрат Уразбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс әкімінің 14 қаңтардағы өкімімен Қайрат Уразбаев берген өтінішінің негізінде Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылған.

«Қазіргі таңда қала әкімінің міндетін қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражанов атқаруда», -  деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Атырау әкімі 31 желтоқсанда еңбек демалысына шығып, 10 қаңтарда одан кері оралғаны хабарланған болатын. Ал ертесіне денсаулық жағдайына байланысты еңбек демалысына қайта шықанымен, жұмысқа қашан шығатыны белгісіз болған еді.