КВИ таралуы бойынша «жасыл» аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ

Автор: Azattyq Rýhy

Өткен тәулікте республика бойынша 13,5 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

pixabay.com

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 16 қаңтарда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, барлық өңір «қызыл» және «сары» аймақтарға өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Матрица бойынша:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар облыстары;

«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр;

«Жасыл» аймақта: бірде-бір өңір қалған жоқ.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 13,5 мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 1 млн 50 мыңнан асты. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 7 адам көз жұмды.