15.01.2022, 21:43
Жаңалықтар
Алматы ауруханаларында 170 адам қаза тапқан – ДСМ
Бас прокуратура мәлім еткен Алматыдағы 225 өлімнің 170-і медициналық ұйымдарда тіркелген
Фото ашық дереккөзден
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамман байланыс департаментінің директоры Әсел Артакшинова мәлім етті.
«Жаппай тәртіпсіздік кезінде ауруханаларға 2677 адам түскен, оның ішінде амбулаториялық емдеуге 1115 адам босатылды, 265 адам ем алып жатыр, 67 адам ауыр халде реанимацияда», – деді ДСМ өкілі.
Оның айтуынша, Алматыдағы үш аурухана үш тәулікке жуық уақыт террористердің қоршауында болған. Ауруханаларда қазақ не орыс тілдерін білмейтін, ем алғысы келмеген, тіпті, қару асынған адамдарға еріп, емделу қағазын алмай кеткен адамдар болған.
«Жаңа Бас прокуратура айтқан 225 адамның 170-і ауруханаларда қаза тапқан», – дейді ол.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды