$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы полиция департаментіне лаңкестер 27 рет шабуыл жасаған

Жалпы Алматы бойынша 185 полиция қызметкері жарақат алған

Алматыдағы полиция департаментіне лаңкестер 27 рет шабуыл жасаған
Фото ашық дереккөзден

Бесінші қаңтар күні лаңкестер Алматыдағы полиция департаментіне 27 рет шабуыл жасаған. Арнайы дайындықпен келген қарақшылардың негізгі жоспары полиция бөлімшелерін басып алып, қару-жарақты қолды қылу болған, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

 Тіпті қарсы беттегі тұрғын үйдің шатырынан снайперлер оқ атқан. Дәл осы шабуыл кезінде 27 қарақшының көзі жойылып, жарақат алғандарын өздері алып кеткен.

Алматы қалалық полиция департаментінің маңында әлі де күзет күшті. Яғни Қорғаныс министрлігінің әскери техникалары күзетте тұр. Дәл осы күзет 19 қаңтарға дейін жалғасады дейді мамандар.

Алматыда төртінші қаңтарда басталған бейбіт митингтің соңы қақтығысқа ұласады. Бесінші қаңтарда кешкі сегізге таман лаңкестер шабуылға шығып полиция департаментін басып алмақшы болады. Қару-жарақ сақталған үш бірдей ғимаратты күзету үшін "Қамал" жоспары құрылады. Қорғанысқа 100-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылып, таңғы сағат 5-ке дейін лаңкестермен арпалысқан.

Қарақшылардың бірі сол маңдағы бейнебақылау камераларын сындырумен айналысса, енді бірі көшедегі топқа қару-жарақ таратыпты. Ал тағы бірі ауыр техникамен қақпаны бұзып өтпекші болған. Тіпті қарсы беттегі тұрғын үйдің шатырынан снайперлер оқ атқан. Дәл осы шабуыл кезінде 27 қарақшының көзі жойылып, жарақат алғандарын өздері алып кеткен.

 «Қазіргі таңда ведомствоаралық арнайы тергеу тобы құрылды. Оның басы-қасында еліміздің Бас прокуратурасы тұр. Осы болған іс-әрекеттердің қалай жасалынып, кімге бағытталғанын барлығын тергеу барысында міндетті түрде анықтайтын боламыз және сол шабуыл жасаған тұлғалардың кім екенін, міндетті түрде ашып айтатын боламыз», - деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция департаментінің  ғимаратына әр тұстан шабуылдағандар қарапайым адамдар емес, арнайы дайындықтан өткен лаңкестер. Олардың түпкі мақсаты қару-жарақты алып қаланы басып алу екені түсінікті болды дейді полиция өкілдері. Жалпы Алматы бойынша 185 полиция қызметкері жарақат алған. Үшеуі қаза тапты. Тағы екі тәртіп сақшысы ауыр халде реанимацияда жатыр. Із-түссіз жоғалған адамдар туралы полицияға әлі де хабарласушылар көп екен.


 

Серіктес жаңалықтары