Қар, боран, көктайғақ: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Елдің оңтүстігінде 5 аяз — 5 жылу болады деп болжанып отыр

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Республиканың көп бөлігінің ауа райына Баренц теңізі аудандарынан келетін циклон әсер етеді.

«Жауын-шашын, қар, боран, көктайғақ, 15-28 м/с, сондай-ақ еліміздің батысы, солтүстігі, оңтүстігінде 30 м/с дейін жететін қатты екпінді жел болады деп күтіледі.

Термометр бағандары 17 қаңтарға жақын, түнгі уақыттарда батыста 5-13 аязға дейін, солтүстік өңірлерде 5-15 аязға дейін төмендейді деп, ал елдің оңтүстігінде 5 аяз — 5 жылу болады деп болжануда», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.