$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда пандемияның жаңа толқыны басталды – бас санитарлық дәрігер

Әзірге сынамалардың 71%-ында «дельта» коронавирус нұсқасы табылды 

Алматыда пандемияның жаңа толқыны басталды – бас санитарлық дәрігер
Фото ашық дереккөзден

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжапарова пайда болған «омикрон» штамы халық арасында көп таралатынын және жақын арада «дельтаны» ығыстыратынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Эпидемиологтың болжамы бойынша, коронавирустың кезекті толқынының шыңы наурыз айында болады деп күтілуде. 

Сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Әбдіжапарова короновирус дертінің ушығуы жаңа жылдық мерекелерден кейін болғанын атап өтті.

Әзірге сынамалардың 71%-ында «дельта» – коронавирус нұсқасы, тағы 16% «дельта плюс» және 4,7% басқа штамдар табылды. 

Мегаполистің бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, жаңа штамм Алматыда тарала бастағаны зертханалық расталған. 6 қаңтардағы толық геномдық секвенирлеу нәтижелері бойынша қалада алынған 7 сынамада «омикрон» анықталды. Ол вирустың бұл нұсқасы басқаларға қарағанда тезірек таралатынын және көптеген мутацияны қамтитынын айтты.

«Алматыда КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады, ҚР бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала үшінші күн «қызыл» аймақта тұр. Апталық аурушаңдық 2,2 есеге артты. Егер жыл басында 972 жағдай тіркелген болса, қазір мәліметтерде 2156 науқас бар. Инфекцияның берілу индексі 1,8 есеге артты», - деді Қ. Әбдіжаббарова. 

Спикер 20-30 жас аралығындағы жас тұрғындар үшін «омикронның» қауіптілігі туралы ескертті. Оның айтуынша, вирустың бұл нұсқасы ерекше және осы жастағыларға әсер етеді. «Омикронның» пайда болуымен апталық аурушаңдық та, бұрын ауырып сауыққан КВИ-ді қайта жұқтыру жағдайлары да 10-нан 66-ға дейін күрт өсті.

Серіктес жаңалықтары