Жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен 53 мемлекеттік нысан жөндеуді қажет етеді
Елдің 10 өңірінде 2023 нысанда орналасқан 1731 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды
Жұмысын тезірек бастау үшін кәсіпорындарын өздері қалпына келтіріп жатқан кәсіпкерлер бар. Осылайша кәсіпорындар көмектен бас тартқаннан кейін жалпы шығын сомасы 103,7 млрд теңгеден 93,7 млрд теңгеге дейін азайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Елдің 10 өңірінде 2023 нысанда орналасқан 1731 зардап шеккен бизнес субъекті анықталды, соның ішінде Алматы қаласында – 1869 нысанда орналасқан 1591 субъект. Зардап шеккен бизнес салалары: сауда – 1581; қоғамдық тамақтану – 48; қаржы секторы – 71; логистика – 26; БАҚ – 5.
Бұдан бөлек, 8 өңірде бүлінген 53 мемлекеттік нысан жөндеуді қажет етеді. Оның ішінде Алматы қаласы – 21, Шымкент қаласы – 6, Шығыс Қазақстан облысы – 2, Алматы облысы – 6, Жамбыл облысы – 7, Қызылорда облысы – 9, Атырау мен Ақтөбе облысы – 1», - делінген «Атамекен» ҰКП таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта барлық өңірде келтірілген залалды тексеру және бағалау жөніндегі тиісті комиссиялар құрылған.