Жамбыл облысында тәртіпсіздікке қатысушыларды іздестіру кезінде екі әскери қызметкер қаза тапты
Олар көлік апатына ұшыраған
Жамбыл облысында тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен ҰҚК Департаменті ғимаратына шабуыл жасағандарды іздестіру бойынша жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде екі әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2022 жылғы 10 қаңтарда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің учаскесінде Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасының әскери қызметшілері капитан Ерзат Кинаятолданович Карменов пен келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Шавкат Шатликович Армидинов автокөлік апатында көз жұмды.
12 қаңтар күні Өскемен қаласында капитан Е.Карменовты соңғы сапарға шығарып салды. Қатардағы жауынгер Ш.Армидиновты Алматы облысының Үлкен Дехан ауылында жерледі.
Қаза тапқандармен қоштасу рәсіміне ҰҚК Шекара қызметінің ШҚО және Алматы облысы бойынша департаменттерінің басшылары, шекарашы-ардагерлер, әріптестері мен жақындары қатысты.