Ақтауда ер адам тоғызыншы қабаттан құлап мерт болды

Автор: Azattyq Rýhy

Кісі өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды

Фото ашық дереккөзден

Ақтауда тоғызыншы қабаттан құлаған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық полиция басқармасына сілтеме жасай отырып.

Қайғылы оқиға 12 қаңтар күні сағат 22:00 шамасында 16-шы шағын ауданда орын алды. Ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Ол "Керемет" тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатынан құлап кеткен. Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметі жетті.

«Аталған дерек ҚК-тің 105-бабына сәйкес Ақтау қалалық ПБ-ның сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Кісі өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды», - делінген хабарламада.