13 қаңтардан бастап Қазақстанның үш облысында төтенше жағдай режиімі алып тасталады. ҚР Президентінің тиісті Жарлығы Ақорда ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес, мына өңірлерде төтенше жағдай алып тасталады:
- "Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
- "Павлодар облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы №744 Жарлығымен енгізілген Павлодар облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
- "Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 740 Жарлығымен енгізілген Батыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтардағы 7 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.