Жақындарымен кездесті, көңіл айтып, наградалар тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға барды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президенттің Алматыға келгенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің, әскери қызметшілердің туыстарымен және жақындарымен кездесті, көңіл айтып, наградалар тапсырды», - деп хабарлады Берік Уәли.
Сондай-ақ, баспасөз хатшысының айтуынша Мемлекет басшысы жедел басқару орталығында болып, шұғыл көмек алып жатқан зардап шегушілерге барып, олардың хал-жағдайын біліп қайтты.
Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары Алматы бойынша жүрген кортежбен видео жариялады.