$ 500.32  545.3  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған 43 адам әкімшілік қамауға алынды

Ереже бұзған тағы тоғыз адамға айыппұл салынды

Қарағанды облысында ТЖ режимін бұзған 43 адам әкімшілік қамауға алынды
Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 43 адам әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы облыс коменданты Ерлан Файзуллин мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тоғыз бұзушыға айыппұл салынды, 335 ескерту жасалды. Полиция қызметкерлері 21 тыйым салынған затты, оның ішінде 13 дана тегіс ұңғылы қаруды тәркіледі. Есірткі заттарын сақтаудың 6 фактісі анықталды.

ТЖ режимі кезінде полиция бөлімдеріне 5 шетелдік азамат жеткізілді. Олардың кейбірі ерекше режим талаптарын бұзғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды. Екеуі көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Екі шетелдік сот шешімі шыққанға дейін арнайы қабылдау орнына орналастырылды.

Айта кетейік, Қарағанды облысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері күшейтілген режимде қызмет атқаруға көшірілді.


 

 


 

 

Серіктес жаңалықтары