$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүлік кезінде Шымкенттегі 13 кәсіпкерлік нысан 100 млн теңге көлемінде шығынға батты

Кәсіпкерлік нысандардың терезелерін шағып, есіктерін сындырған

Бүлік кезінде Шымкенттегі 13 кәсіпкерлік нысан 100 млн теңге көлемінде шығынға батты
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте жаппай белең алған тәртіпсіздіктен кейін бизнеске келтірілген шығын есептеліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, шамамен 13 кәсіпкерлік нысан 100 млн теңге көлемінде шығынға батқан, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Залал келген дүкендер мен компанияларда түгендеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қалалық Кәсіпкерлер палатасының хабарлауынша тонаушылар кәсіпкерлік нысандардың терезелерін шағып, есіктерін сындырған. Ғимарат ішіндегі мүліктерді қиратқан. Одан бөлек, азық-түлік, кондитерлік дүкендер мен ірі сауда орталығы тоналған. Арандатушылар тауарларды ұрлап қана қоймай, барлығын сыртқа шығарып, әсіресе спирттік ішімдіктерді өртеп жіберген.

«Басқа өңірлерге қарағанда Шымкент қаласында шығын аздау. Шамамен 13 кәсіпкерлік нысанға 100 млн теңге көлемінде залал келтірілген. Оның ішінде инфрақұрылым нысандары, есіктер мен терезелер және бейнабақылау камералары бар. Түгендеу жұмыстары әлі де нақтыланып жатыр», - деді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.

 

Серіктес жаңалықтары