Салмағы 3,5 тоннадан асатын жануар ұзақ емдеу курсынан өтпек
Шымкенттегі хайуанттар бағында өмір сүретін бегемоттқа Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері көмек көрсетті. Бұл трула ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Белгілі болғандай, бегемоттың азу тістері өсіп, оның тамақтануына кедергі келтірген. Қалалық хайуанаттар бағының әкімшілігі Шымкент қаласы ТЖД «112» құтқару қызметіне хабарласып, жануарға көмек қажет екенін айтқан.
«Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зообақ басшылығының рұқсатымен альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен жануардың жақ сүйегін керіп, гидравликалық кескішті қолдана отырып, кедергі келтірген тістерді кесіп тастады. Енді салмағы 3,5 тоннадан асатын гипоппотам ұзақ емдеу курсынан өтпек», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, хайуанаттар бағының басшылығы 2019 жылы да құтқарушыларға осындай өтініш жасаған. Ол кезде Тұрсын лақап атымен танымал гиппопотамның азу тістері өсіп тұмсығына кіріп кеткен болатын.