$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның Даму банкі таңдаулы адамдардың жекеменшік банкіне айналып кеткендей – Тоқаев

Президенттің айтуынша бұл жүйе шын мәнінде экономикадағы олигополияны күшейте түседі

Қазақстанның Даму банкі таңдаулы адамдардың жекеменшік банкіне айналып кеткендей – Тоқаев

Мәжіліс отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әртүрлі жобаларға мемлекеттік қолдау көрсететін Қазақстанның Даму банкінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президенттің айтуынша, бұл банк «әлдеқашан белгілі бір шенді топтарға қызмет көрсететін ұйымға айналып, алдымен достарға, артынан заң бойынша» деген принципке ауысып кеткен.

«Бұл жүйе шын мәнінде экономикадағы олигополияны күшейте түседі», - дейді Президент.

«Үлкен кәсіпорындар ерекше артықшылығын пайдаланып, сол арқылы бәсекелестікті басып, реформа жүргізуге кедергі жасап отыр. Мысалы, Қазақстанның Даму банкі шын мәнінде қаржы-өнеркәсіп және құрылыс салаларындағы таңдаулы азаматтардың жекеменшік банкіне айналып кеткен. Жоғарыдағы кабинеттердегі таныстығының арқасында олар жобаларын жүзеге асыруда ерекше шарттарға ие болып отыр. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта алатын мемлекет ресурсы осылайша осы жобаларға кетеді. Үкіметке Қазақстан Даму банкінің қызметін қайта құруды тапсырамын», - деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары