Қазақстанға кірген шетел әскері елден екі күннен кейін шыға бастайды

Автор: Azattyq Rýhy

ҰҚШҰ әскері 10 күн ішінде Қазақстан аумағынан толығымен шығады

Фото ашық дереккөзден

Бұл туралы бүгін Парламент отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дәлірек айтсақ, Тоқаев Қазақстандағы соңғы оқиғаларға байланысты елге шақырылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бітімгерлік әскері екі күннен кейін Қазақстаннан шыға бастайтынын қадап айтты.

«Осылайша, алдағы 10 күн ішінде Қазақстан аумағынан ҰҚШҰ әскері толығымен шығады»,- деп мәлім етті Тоқаев.