$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алтай Көлгінов елордалықтарды ТЖ режимін сақтауға шақырды

Астанаға сағат 23:00-07:00 аралығында коменданттық сағат енгізілді

Алтай Көлгінов елордалықтарды ТЖ режимін сақтауға шақырды
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарын төтенше жағдай режимінің барлық ережесін сақтауға және сенімді дереккөздерде жарияланған ақпараттарға ғана сенуге шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті қала тұрғындары! Қаламызда жағдай тұрақты. Дегенмен, құқық қорғау органдарының бәрі жұмысын күшейтілген режимде жалғастыруда. Елорданың периметрі бойынша блокпосттар орнатылды, сол сияқты полиция қызметкерлері аулаларды және пәтерлерді аралап жүр.

Өздеріңіз білетіндей, қаламызға сағат 23:00-ден 7:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Полиция қаланы күзетеді. Бұл уақытта тұрғындардың сыртқа шығуына тыйым салынады», - деді қала әкімі.

Әкім сөзін жалғай отырып, қала тұрғындарына ТЖ режимін толық сақтауға шақырды.

«Қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, деструктивті күштердің арандатуына ермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамын!» - деп жазды қала әкімі Instagram парақшасында.

Айта кетейік, өткен тәулікте елордада төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 64 адам жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары