Қазақстанда ТЖ кезінде дәрігер көмегіне жүгінген 2265 адамның 164-і көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Медициналық көмек алғандардың дені – Алматы тұрғындары

Фото ашық дереккөзден

Ел бойынша төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері 2 265 адам дәрігердің көмегіне жүгінген. 164 адам көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Медициналық көмек алғандардың дені – Алматы тұрғындары. Алматыда дәрігер көмегіне жүгінгендер – 1 мың 125 адам. Соның 103-і емдеу мекемесінде қайтыс болды. Олардың екеуі – бала. Қос бүлдіршінге де оқ тиген. Бірі 12-де, ал екіншісінің жасы небәрі 5-те болған.

Оқ тиіп, жарақат алған тағы бір 4 жасар бала қазір дәрігерлердің бақылауында. Ақ халаттылар оның жағдайы аса ауыр екенін айтып отыр.