Өткен түнде Алматыда террористік шабуылға және тонауға қатысқан 100-ге жуық адам ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Полиция қаладағы ғимараттарға жасырынған лаңкестердің бар-жоғын тексеріп жатыр

Фото ашық дереккөзден

Алматы полициясы жасырынып жатқан лаңкестердің бар-жоғын анықтау үшін ғимараттарды тексеріп жатыр. Өткен түнде Алматыда террористік шабуылға және тонауға қатысқан 100-ге жуық адам ұсталды. 118 қару мен мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Лаңкестер сойқан салған орындар қазірдің өзінде тазартылған. Алматыда үш полицей қаза тауып, 160 адам жараланды.

Республика алаңында қазір тыныштық орнады, атыс тоқтады. Полиция қаладағы ғимараттарға жасырынған лаңкестердің бар-жоғын тексеріп жатыр.

Өткен тәулікте құтқару қызметіне 1300-ден астам қоңырау түсіп, оның тең жартысы шұғыл әрекет етуді талап етті.

Қазір қаладағы жағдай салыстырмалы түрде тұрақтанды.