Фейк: «Несие кешіріледі»

Автор: Azattyq Rýhy

ҚР Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі және Ұлттық Банк бұл ақпараттың жалғандығын айтты

Әлеуметтік желіде банк несиелерінің кешірілуіне қатысты ақпарат таратылып жатыр. ҚР Қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі және Ұлттық Банк бұл ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Хабар24-ке сілтеме жасап.

Фэйк хабарламада «15-не дейін өтініш берген қазақстандықтардың барлық банк несиелері жабылады. Ол үшін Ұлттық банктің жергілікті бөлімшесіне бару керек» делінген. ҚР қаржылық нарықты реттеу және дамыту агенттігі және Ұлттық Банк бұл ақпаратты теріске шығарып отыр. Айта кетейік, төтенше жағдай режимі кезінде, әлеуметтік желілерде жалған ақпараттар көбейді. Бұл адамдарды әдейі үрейлендіріп, тұрақсыздық тудыру үшін, арам пиғылдылардың қолға алатын әдеттегі тәсілі. Азаматтарды тек ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырамыз.