Бейбіт шеруден басталып бұзақылыққа жалғасқан көтерілісте 17 тәртіп сақшысы түрлі деңгейде жарақат алды
Шымкентте тәртіпсіздік әрекет жасады деген күдікке ілінген 400-ден аса адам ұсталды. Оның ішінде 155-не әкімшілік, 50-не қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырушылардың 40-50 пайызы шымкенттіктер болса, қалғаны республикамыздың өзге өңірлерінен келгені анықталды. Бейбіт шеруден басталып бұзақылыққа жалғасқан көтерілісте 17 тәртіп сақшысы түрлі деңгейде жарақат алды, төртеуінің жағдайы ауыр, қаза болғандар жоқ. Одан бөлек 57 полиция автокөлігі толығымен жанған.