Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады

Фото: Ақорда

5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жария етті.

«Ертең, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді», - делінген хабарламада.