Елімізде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 12 адам көз жұмды
Бүгінгі таңда COVID-19 вирусын жұқтырған 199 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 2022 жылдың 4 қаңтарындағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 8 адам қайтыс болды.
4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 16 631 адам коронавирус инфекциясынан (–14 717+ және 1 914 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 153 пациент стационарда, 14 478 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 199 адамның жағдайы ауыр,
- 65 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 46 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 2 қаңтардағы мәлімет бойынша 3 жаңа жағдай тіркелді, 6 адам жазылып шыққан, 4 өлім жағдайы тіркелді.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 84 233;
- өлім жағдайы – 5 223;
- барлығы 77 096 адам сауығып шықты.