Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалы хабарлады
Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше жол жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалының мәліметінше, 2 қаңтар күні жергілікті сағат 08.30-дан бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (195-240 км, Орал қаласынан РФ шекарасына дейін) жолында барлық көлік қозғалысқа шектеу қойылды.
Аталған жолдың Подстепный ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралығы да (260-526 км) жабылды.
«Сондай-ақ Орал-Тасқала-РФ шекарасы (4-104 км, Оралдан РФ шекарасына дейін), Атырау-Орал (189-482 км, Оралдан Атырау облысының шекарасына дейін) жолдары жабық. Сағат 08.30-дан бастап республикалық Подстепный-Федоров-РФ шекарасы (3-144 км, Подстепныйдан РФ шекарасына дейін) жолында да барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды», - делінген «ҚазАвтоЖол» баспасөз хабарламасында