Түркістан облысында Жаңа жыл түнінде 59 сәби дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Барыс жылы дүниеге келгендердің 28-і — ұл, 31-і — қыз бала

Табалдырықтан аттаған жылдың алғашқы түнінде Түркістан облысында 59 сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Барыс жылы дүниеге келгендердің 28-і ұл, 31-і — қыз бала.

Дәрігерлердің айтуынша, бүгінде аналар мен нәрестелердің жағдайы жақсы.

"Түркістан облысы демографиялық өсім бойынша республикада көшбасшылар қатарында. 2021 жылы облыста 64 мыңға жуық бала дүниеге келген. Олардың арасында 631 егіз, 12 үшем бар бар", - делінген Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хабарламасында.