Қостанай облысында субсидияны жымқыру фактісі анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

ЖШС басшысы күн панельдерінің құнын екі есе қымбат көрсеткен

Фото ашық дереккөзден

Қаржылық мониторинг агенттігі 2018 жылдан бастап 2019 жылға дейін Қостанай облысында мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 161 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған топты анақтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«АӨК субъектілеріне жайылымдарды суландыруға арналған инвестициялық шығындардың бір бөлігін мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ЖШС басшысының қатысуымен бір топ қылмыскер 161 миллион теңге жымқырған. Мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірген. ЖШС басшысы күн панельдерінің құнын 94,4%-ға, яғни екі есе қымбат көрсеткен. Іс сотқа жолданды», - делінген агенттік таратқан хабарламада.