$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Арнайы комиссия Алматыдағы балабақшалардың бәрін тексеретін болды

Балабақшалардағы әр топқа бейнекамера орнатылуы мүмкін бе?

Арнайы комиссия Алматыдағы балабақшалардың бәрін тексеретін болды
Фото ашық дереккөзден

Бірінен кейін бірі әлеуметтік желіге жүктелген балабақшалардағы видеолар Алматы қалалық Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлерін жаппай тексеру жүргізуге итермелеп отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент арнайы комиссия құрып, ол комиссияға департамент қызметкерлерін, сарапшыларды, әдіскерлер мен қоғам белсенділерін қоспақ.

БҒМ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, тек Алматыдағы емес, бүкіл елдегі балабақшаларда осындай тексеру жасалады.

«Балабақшалар 100% қауіпсіз болу керек. Осы күндері Алматыда екі балабақшада болған жағдайға жол беруге болмайды. Балабақшалар әкімдіктердің қарамағында, жекеменшік балабақшаларда заң бұзу басым. Заң бұзушылықтардың басым көпшілігі жекеменшік балабақшаларда тіркеледі. Өкінішке қарай, осы жылдың қыркүйегіне дейін мектепке дейінгі ұйымдардың сапасын мемлекеттік бақылау тетіктері мүлдем болған емес. Балабақшалар басқа білім беру ұйымдарына қарағанда, лицензиялаудан босатылып, хабарлама арқылы ашылды. Сонымен қатар бұрын мемлекеттік бақылау мен аттестаттаудан босатылды. Тек осы жылы ғана біз балабақшаларға мемлекеттік тексеру институтын заңды түрде енгізе алдық»,-  дейді Білім және ғылым саласында сапаны қамтамсыз ету комитетінің төрайымы Гүлзат Көбенова.

Көбенова желтоқсан айының басында тексеруден өткен балабақшалардың шамамен 80%-ы білім беру қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес келмей, мемлекеттік аттестаттаудан өтпей қалғанын еске салды.

Оның айтуынша, енді жекеменшік балабақшаларға бөлінетін тапсырыс, тәрбиешілердің біліктілігіне және қауіпсіздік мәселелеріне қойылатын талаптар күшейеді. Сондай-ақ, балабақшаға жұмысқа тұратын тәрбиешілер тәуелсіз тексеруден өтеді.

«Балабақшалар заңды түрде әкімдіктердің қарауында екенін ескере отырып, біз мектепке дейінгі ұйымдардың жұмысын ерекше бақылауға алу қажеттігін бірнеше рет атап өттік. Әр топқа бейнекамералар берілуі керек. Балалармен жұмыс істейтін кадрларды іріктеу мәселесі де өте маңызды», – деп атап өтті  Гүлзат Көбенова.

Серіктес жаңалықтары