Алматыда пойыздың үстінде селфи түсіремін деп тоққа түскен жасөспірімнің жағдайы өте ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

Анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр

Алматы пойыздың төбесінде селфи жасаған кезінде тоққа түсіп, өлім аузынан қалған жасөспірімнің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2007 жылы туған С. есімді науқас 27 желтоқсан күні медициналық жедел жәрдем бригадасымен №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Электр жарақаты диагнозымен түсті. Ол балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына ауыстырылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы өте ауыр. Анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр, жасына сәйкес интенсивті терапия алуда», - деп мәлімдеді Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы.

Айта кетейік, 27 желтоқсан күні Алматы станциясындағы қабылдау-жөнелту паркінде селфи жасап жүрген екі жасөспірім тоққа түсті. Олардың бірі оқиға орнында қайтыс болды.