Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан өтеді?

Автор: Azattyq Rýhy

Ол өзінің келесі кездесуін поляк Камил Шереметамен өткізеді

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО), IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы, өзінің келесі кездесуін поляк Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) 28 наурыз күні өткізеді, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Дереккөздің ақпараты бойынша, 37 жастағы Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек Чикагода (Иллинойс штаты, АҚШ) өтеді. Жекпе-жек 28 наурызға жоспарланған.

Тағы өзге де мәліметтер бойынша, GGG рингке сәуір немесе мамыр айында оралады.

Айта кетейік, Головкин бүгінде келесі жекпе-жегіне қызу дайындықты бастап кетті.