Олардың 30-дан астамы шетелде
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 65 қылмыскерді іздеп жатыр. Олардың 33-і шетелде. Бұл туралы агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған 65 қылмыскерді іздеуде. Олардың 33-і шетелде. Бұл жұмыс белсенді жүргізіліп жатыр», - деді Бектенов.
Оның айтуынша, Қазақстанның Еуропа Кеңесінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тобының (ЕКСЖТ) құрамына кіруі шетелде іздеуде жүрген қылмыскерлерді ұстау мүмкіндігін арттырады. Сонымен қатар, елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару сапасын жақсартады.
Айта кету керек, Қазақстан 2019 жылдың 30 желтоқсанында ресми түрде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының елуінші мүшесі болды.