25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Синоптиктер 25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК хабарламасына сілтеме жасап.
«Антициклон жотасы Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қалыптастырады. Тек батыс және оңтүстік аудандарда атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады, жел күшейіп, батыста жаяу бұрқасын болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түседі», - делінген хабарламада.
Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын болады, батысында тұман түседі.
Қарағанды облысының оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын болып, солтүстігі мен оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсіп, түнде және таңертең орталығы мен оңтүстігінде көктайғақ болады.
Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында көктайғақ болып, тұман түседі, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с соғады.
Алматы облысының таулы аудандарында тұман түседі, Алакөл маңында жел 17-22 м/с соғады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен соғады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында және таулы аудандарында, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының солтүстігінде, Қостай облысының батысында тұман түсіп, Шығыс Қазақстан облысының батысы мен орталығында жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с болады.
Павлодар облысының жолдарында көктайғақ болады.