$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандағы интернет әлем бойынша арзан - зерттеу

Байланыс қызметтеріне арналған шығыстар жан басына шаққанда 6,6 мың теңгені құрады

Қазақстандағы интернет әлем бойынша арзан - зерттеу
Фото: Ашық дереккөзден

Әлемдегі интернеті ең арзан елдердің арасында Қазақстан 7 орында тұр.  Оның құны қазақстандықтардың орташа айлық табыстарының 1,6% - ын құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Internet Accessibility Index сарапшыларының деректері бойынша Қазақстан кең жолақты «үйдегі» интернет-пакеттің орташа айлық құны бойынша 167 елдің ішінде 7-ші орынды алады, яғни бар болғаны 11,5 АҚШ долларын құрайды.

Рейтингте Украина көш бастап тұр (орташа есеппен айына $ 7,2.), ал ең қымбат интернет Мавританияда (773,2 АҚШ доллары).

Сонымен қатар, азаматтардың интернетті сатып алу үшін жеке табысынан қанша қаражат жұмсайтындығы анықталды. Бұл ретте Ресей мен Румыния алдыңғы қатарда тұр. Аталған елдерде  Интернет-пакеттің құны айына жан басына шаққандағы орташа айлық табыстың тек 0,9% -1% құрайды (кірістер туралы мәліметтер — WorldData.info). Көшбасшылар үштігінде Қазақстан да бар: елде интернеттің бір айлық пакеті орташа жалақының тек 1,6% - ын құрайды.

ҚР ішкі статистикасына сүйенсек, осы жылдың үшінші тоқсанында байланыс қызметтеріне арналған шығыстар жан басына шаққанда 6,6 мың теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары