23.12.2021, 03:27
Жаңалықтар
Сәбіз әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің тізімінен шығарылды
Баға әсіресе, Нұр-Сұлтанда көтерілуі ықтимал
Сәбіз бағасы тағы да қымбаттауы мүмкін. Баға әсіресе, Нұр-Сұлтанда көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды «Отырар» телеарнасы. Өйткені, мұнда сәбіз әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің тізімінен шығарылды.
Әкімдіктегілердің айтуынша сатушылар оған шекті баға белгілеуге жаппай қарсы шыққан. Тіпті талаптары орындалмаса, сәбізді сатпаймыз деген. Өйткені ол қымбаттауға бейім. Шекті баға белгілеу, өздерін шығынға батыруы мүмкін. Сол үшін көкөніс бағасы еркін айналымға жіберіліп отыр. Ал өзге 6 тауарға шекті баға белгіленді.
Елордада нан – 183, сиыр еті – 2325, жұмыртқа – 443, сарымай келесі – 3452, күнбағыс майы – 817 және қант бағасы 325 теңгеден аспауы керек.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды