$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан жыл басынан бері 67,6 млн тонна мұнай экспорттады

Ресей Федерациясының мұнай өндеу зауыттарынан 281 мың тонна дизель отыны импортталды

Қазақстан жыл басынан бері 67,6 млн тонна мұнай экспорттады
Фото ашық дереккөзден

2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 85,7 млн тонна, ал мұнай экспорты 67,6 млн тонна болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде мұнай өндіру көлемі ұлғаятынын және 2030 жылға қарай 104,2 млн тоннаға жететінін хабарлады.

«Теңіз кен орнындағы Келешекте кеңейту жобасының арқасында мұнай өндіру жылына 12 млн тоннаға артады. Қазіргі өндіру – 28 млн тонна. Сонымен қатар, Қашаған кен орнында газ өңдеу зауыттары салынады. Бұл жылына 3 млрд метр куб тауарлық газ өндіруге және мұнай өндіруді 16-дан 20 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - дейді министр.

Жыл қорытындысы бойынша мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінен бензин өндірісі – 4,7 млн тонна, дизель отыны – 4,8 млн тонна, мазут – 2,4 млн тонна, битум – 933 мың тонна және авиакеросин 600 мың тонна көлемінде өндірілді.

«Биыл тамыздан қазанға дейін жанар-жағармай нарығында дизель отынының тапшылығы қалыптасты. Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды, Атырау мұнай өндеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары 2022 жылға ауыстырылды. Павлодар мұнай өндеу зауытының жөндеу жұмыстары осы жылғы қыркүйектен қараша айына қалдырылды. Ресей Федерациясының мұнай өндеу зауыттарынан 281 мың тонна дизель отыны импортталды», - дейді министр.

Серіктес жаңалықтары