$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 22 метр

 
Алматыда бас шыршаның шамы жағылды

Дәстүр бойынша рәсім ҚБТУ ғимаратының жанындағы «Астана» алаңында өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа жылдың басты символының биіктігі – 22 метр.

Алматының бас шыршасын жағу рәсіміне мегаполис әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты.

«Эстрада жұлдыздары қатысқан бұл шара қала бойынша жаңа жылдық іс-шараларды бастауға мүмкіндік берді. Мегаполистің барлық сегіз ауданында 100-ден астам фотоаймақ орнатылған, оның ішінде шыршалар, шағын сәулет нысандары және жаңа жылдық безендірудің басқа да элементтері бар», - делінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Сондай-ақ, 21-30 желтоқсан аралығында қала әкімдігінің қолдауымен «Жаңа жылдық керуен» ұйымдастырылды. Қала қонақтары мен тұрғындарын жүк көліктерінің керуені күтеді: декорациялар, мыңдаған жарықтандыру, жарық шоулары, жарқын фотоаймақтар және үлкен сыйлықтар жәрмеңкесі. 30 мың метрден астам жарық гирляндалары, шамдар мен қызықты дизайн ешкімді бей-жай қалдырмайды. Жүк көліктерінің қозғалысы әлеуметтік желілерде жарияланады.

Сонымен қатар, КВИ таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қалалық штаб күрделі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға және омикрон штаммының таралу қаупіне байланысты сақтық шараларын – маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет екенін еске салады. Алматылықтарға вакцинацияны жалғастыру керек, ал бұрын егілгендерді қайта вакциналау қажет. Вакцинация пункттері жұмысын жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары