2021 жылдың 22 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне кірісті
Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев ведомство басшысы міндетін атқарушы ретінде тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқаруды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Қонысұлы Бүркітбаевқа жүктелсін. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің N 197 – Өкімі», - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Жандос Бүркітбаев 1971 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1996 жылы C. Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медицина университетін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2003 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Фармация» мамандағы бойынша, 2018 жылы ҚДСЖМ Қазақстан медицина университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасында дәрігер-терапевт болып бастаған. Әр жылдары Алматы қаласындағы Республикалық апаттар медицинасы орталығының дәрігері, Денсаулық сақтау министрлігінің бас маманы, бөлім басшысы, басқарма басшысы, ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.