Алексей Цой қызметінен кетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді», - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасында.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Цой қызметінен кеткен болатын.