$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жол қозғалысы тәртібіне өзгеріс енеді

Немирович-Данченко көшесі бойымен Рысқұлов даңғылын кесіп өтуге тыйым салынады

Алматыда Рысқұлов даңғылындағы жол қозғалысы тәртібіне өзгеріс енеді

19 желтоқсанда Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы құрылыс жұмыстары аяқталып, жол ашылады. Соған байланысты Немирович-Данченко көшесі бойымен Рысқұлов даңғылын кесіп өтуге тыйым салынады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Енді бұл жолдағылар Күдерин көшесіне бұрылып, содан соң Емцов көшесіне шыға алады», - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Сондай-ақ, шығысқа қарайғы бағытта Рысқұлов даңғылымен Емцов көшесінің алдында бұрылуға тыйым салынады.

«Сонымен қатар, Абай даңғылының ашылуына байланысты Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысындағы жол тәртібі қайта қаралатынын хабарлаймыз. Сонымен, батысқа қарай қозғалыс кезінде орталық жолақтар бойымен қозғалыс тек тікке бағыт алатын болады, ал шеткі жолақтарда қозғалыс, сәйкесінше солға және оңға кететін болады», - делінген Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінде.

 
Серіктес жаңалықтары