Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe-jek сарайында кәсіпқой бокс кеші өтті
Нұр-Сұлтандағы бокс кешінде Данияр Елеусінов жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао (15-1, 4 КО) жартылай орта салмақта IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сарапқа салды.
Данияр Елеусінов кейінгі жекпе-жегінде намибиялық Хулиос Индонгоны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental чемпионы белбеуін жеңіп алған еді.