Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны айтарлықтай азайды
КВИ жұқтырған 307 адам ауыр жағдайда жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі 19 желтоқсандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 4 адам қайтыс болды.
19 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 19 810 адам коронавирус инфекциясынан (–17 244+ және 2 566 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 3 404 пациент стационарда, 16 406 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 307 адамның жағдайы ауыр,
- 71 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 58 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 17 желтоқсандағы мәлімет бойынша 13 жаңа жағдай тіркелді, 24 адам жазылып шыққан, көз жұмғандар тіркелген жоқ.
Жалпы, 2020 жылдың 13 наурыздан бастап:
- науқастар саны – 83 632;
- өлім жағдайы – 5 195;
- барлығы 75 871 адам сауығып шықты.