$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада құрылысы ұзаққа созылған «Шығыс» тұрғын үй кешені толық пайдалануға берілетін күн жақын

Ал мереке қарсаңында 1000-нан астам үлескерге пәтер кілті табысталды

Елордада құрылысы ұзаққа созылған «Шығыс» тұрғын үй кешені толық пайдалануға берілетін күн жақын
astana.gov.kz

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында құрылысы ұзаққа созылған ауқымды «Шығыс» тұрғын үйі аяқталуда. Көппәтерлі тұрғын үй кешені бірнеше кезектен тұрады, онда үлескерлердің ең көп саны шоғырланған – шамамен 2,5 мың отбасы. Бірінші кезекте «Шығыс» ТК құрылысы аяқталып, қазір 800-ге жуық үлескер өз пәтерлерінде тұрып жатыр, ал құжаттарды ресімдеу процесі жүргізілуде. Биыл барлығы 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, осылайша 7500-ден астам үлескердің мәселесі шешіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бүгінгі таңда «Шығыс» ТК 2 және 3-кезектегі 1047 үлескерге жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кілттері беріліп жатыр.

«Шығыс» ТК қалған 1058 үлескерінің төртінші және бесінші кезегінің мәселелерін екінші деңгейлі банкпен және инвестормен «қоныс аудару» жобасы бойынша жасалған келісім аясында шешу жоспарланып отыр. Ал 4, 5-кезектегі және 2Б үлескерлері «Шығыс» ТК, сондай-ақ «Жағалау-4» ТК 1-полигон, 2-полигон дайын тұрған «Шығыс» ТК 3А және 3Б нысанына көшіріледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елорда әкімдігі ұзақ құрылыс жұмыстарын аяқтау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Осылайша, осы блоктарда құрылысты қайта бастау үшін қажетті рәсімдер жүргізілді: объектінің техникалық тексеру қорытындысы алынды, қаржылық аудит жүргізілді, құрылыс салушы анықталды.

Нысанның барлық 17 блогында монолитті жұмыстар, тас қалау жұмыстары жүргізілді, сыртқы инженерлік желілер тартылды, терезе блоктары жайластырылды, ішкі әрлеу және қасбетті орнату жұмыстары жүргізілді. Күн салқындағанға дейін абаттандыру және шағын сәулет нысандарын орнату жұмыстары жүргізілді.

Осылайша, биыл 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, нәтижесінде 7 500-ден астам үлескердің мәселесі шешіледі.

2019-2020 жылдары 33 көппәтерлі тұрғын үй кешені салынып, пайдалануға берілді. 5 мыңнан астам үлескер отбасы көптен күткен қоныс тойын тойлады. 2022-2023 жылдары құрылысы ұзаққа созылған қалған үйлерді аяқтау жоспарланып отыр. Ұзақ құрылыстың әрбір нысаны бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар.

 

Серіктес жаңалықтары