Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық
Биыл қызмет бабы бойынша түрмеге қамалған журналистердің саны 488-ге жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Шекарасыз репортерлер» ұйымы келтірген бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артық. Сөз бостандығын табанды қорғап, түрлі шабуылдау мен қудалауларға ұшыраған журналистер арасында 60 әйел бар.
Ең алаңдатарлық жағдай Қытай, Мьянма және Беларусьте тіркелген. Аталған мемлекеттерде 212 БАҚ қызметкері темір тордың ар жағында отыр. Вьетнам және Сауд Арабиясымен қоса алғанда, осы бес ел дүние жүзіндегі тұтқындаулардың 59%-ын құрайды. Атап айтқанда, Беларусьте 32 журналист түрмеге қамалған.
«Кәсіби қызметі үшін түрмеге жабылған журналистердің саны 2020 жылы бүкіл әлемде жаңа рекорд жаңғыртты. Өйткені әлем елдері басшылары COVID-19 туралы ақпаратты хабарлау үшін қатаң шаралар қабылдады және саяси толқулар туралы репортаждарды тоқтатуға тырысты. Авторитарлық мемлекеттер бұл тұста АҚШ-тан үлгі алды», - дейді Журналистерді қорғау комитетінің өкілі Элана Бейзер
Журналистерді қорғау комитетінің мәліметі бойынша, 2021 жылдың желтоқсан айындағы жағдайға сәйкес әлемде 293 журналист түрмеде отыр, оның ішінде біреуі – Қазақстанда.