Киевте Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған конференция өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Шараны Қазақстанның Украинадағы Елшілігі ұйымдастырды

ҚР Украинадағы Елшілігі

Киевте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған халықаралық сарапшылар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Шараны Қазақстанның Украинадағы Елшілігі ұйымдастырды. Сондай-ақ, іс-шараны Халықаралық Түркі академиясы (ХТА) қолдады.

Конференция аралас форматта өтіп, ZOOM арқылы Киевтегі «алаңмен» ҚСЗИ, АБҚО, ҚР Ұлттық ғылым академиясы (ҚР ҰҒА), Н.Ә.Назарбаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі орталығы (Н.Ә.Назарбаев орталығы), «Жасыл академия» ғылыми-білім беру орталығы, сондай-ақ жеке қатысушылар байланысқа шықты.

Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев конференцияны аша отырып Қазақстан мен Украина арасындағы тарихи қалыптасқан достық қарым-қатынастарды атап өтті.

Аталмыш конференцияның ерекшелігі – алғаш рет қазақ-украин тілдік форматында өткізілуі. Қатысушыларға өздерінің ұлттық тілінде сөйлеуге мүмкіндік берілді. Бұл ретте ілеспе аударма қамтамасыз етілді.

Сонымен қоса, конференцияға діни диалогты ұйымдастыруға қатысқан лауазымды тұлғалар қатысты.

Сондай-ақ, Киевке ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина келді. Ол ҚСЗИ мен ҰСЗИ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсіміне тікелей қатысты.

 Алматыдан Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы – Лидия Пархомчик байланысқа шықты.

Қазақстан мен Украинаның азаматтық қоғамдарының диалогын қолдау мүмкіндіктері туралы АБҚО төрағасы Лима Диас баяндама жасады.

Конференция аясында Қазақстан мен Украинаның сараптамалық қоғамдастықтарының өзара іс-қимылына арналған панельдік сессия өтті. Сессия шеңберінде тарих, іздеу және мұрағат жұмыстарын ұйымдастыру саласындағы нақты жобалар талқыланды. Қазақстан мен Украинадағы ашаршылықтың демографиялық және әлеуметтік зардаптары қарастырылды.

Бизнес қоғамдастықтың өкілдері, атап айтқанда, Тимур Ізбасаров Украинада Қазақстан-Украина Сауда кеңесін құруға қатысты, Украиналық технологиялық компанияның өкілі Евгений Пущик Қазақстан мен Украина экономикаларын декарбонизациялау перспективалары туралы сөз сөйледі.

Жастар зерттеулері туралы Камила Ковязина және посткеңестік қоғамдардың менталды дамуы туралы Есет Есенғараев сияқты әлеуметтанушылар баяндамалар жасады.

Сондай-ақ, «Мозаика» инклюзивті мектептер желісінің негізін қалаушы Оксана Карбовскаяның сөзі аудиторияны қызықтырды.

Конференцияға Қазақстан мен Украинаның аймақтық жоғары оқу орындары қосылды. Кітап шығарушылар, Украина және Қазақстан Жазушылар Одағы, Т.Г. Шевченконың танымал суреттер топтамасы сақталған Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайын қоса алғанда, шығармашылық сектордың өкілдері шақырылды.

Жалпы, сарапшылар екі елдің сарапшылары арасындағы қарым-қатынастың қарқындылығын арттыру қажеттілігі туралы және бір конференция аясында Қазақстан мен Украинаның мағыналық генерациялаушы топтарының қалыптасқан қарым-қатынас тапшылығы басылмайтыны туралы ортақ пікірге келді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Украина үкіметтеріне 2022 жылы елдер арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында екіжақты қатынастарды одан әрі нығайту жөнінде ұсынымдар қабылдады.