$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Ұрлық үстінде ұйықтап қалған»: Петропавлда көлік тонаған ер адам қолға түсті

Сараптама қорытындысы бойынша ұрының мас екені белгілі болды

«Ұрлық үстінде ұйықтап қалған»: Петропавлда көлік тонаған ер адам қолға түсті
Фото ашық дереккөзден

Петропавлда көлік тонап жүріп, қылмыс орнында ұйықтап қалған ер адам ұсталды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі.

Көзі ілініп кеткен қала тұрғынын автокөлік иесі көріп оятқан. Ол ашық тұрған көлікке жылынуға отырдым деп қашып құтылмақ болады. Бірақ жүргізуші қымбат құралдары мен автомагнитоласының ұрланғанын байқап, полицияға хабар берген. Көшедегі бақылау камералары көрсеткендей, күдікті ол заттарды таксиге салып жіберіп, өзі көлікке қайта оралып ұйықтап қалған.

 Сараптама қорытындысы бойынша оның мас екені белгілі болды.

 «Жедел басқару орталығының инспекторлары қала жолдарында таксиді тауып алды. Мекен-жайға жеткенше оны патрульдік полицейлер тоқтатты. Ұрланған мүліктер тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Күдікті бұрын сотталған 39 жастағы Петропавл қаласының тұрғыны. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бары анықталды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің инспекторы Нұрбек Баекин.

Серіктес жаңалықтары