$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ұлттық жобаларға бөлінген қаражатты Асқар Мамин бастаған комиссия тексереді

Комиссия құрамына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов енді

Ұлттық жобаларға бөлінген қаражатты Асқар Мамин бастаған комиссия тексереді

Ұлттық жобаларға бөлінген қаражаттың мониторингі бойынша арнайы комиссия құрылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық жобаларын іске асыруға бөлінген қаражаттың мониторингі бойынша тұрақты жұмыс істейтін арнайы комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасының Президенті өкімінің жобасы Президент қарауына енгізілсін», - делінген Үкімет қаулысының жобасында.

Оған сәйкес, комиссия құрамына Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, комиссия төрағасы Асқар Мамин бастаған Үкімет мүшелері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Кәрім Мәсімов, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы (келісім бойынша) Наталья Годунова, қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы (келісім бойынша) Жанат Элиманов және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (келісім бойынша) Серік Жұманғарин енген.

«Жобаны қабылдау Қазақстан Республикасының Ұлттық жобаларын одан әрі іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - делінген құжатқа түсіндірме жазбада.

Серіктес жаңалықтары