$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады

11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер жұма, яғни 11 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК хабарламасына сілтеме жасап.

«Әлі де, антициклонның ықпалымен республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек ҚР батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күшеюі, шығысында жаяу бұрқасынмен бірге болады», - делінген хабарламада.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста және таулы аудандарда жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының орталығы мен оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында екпіні 23-28 м/с жел соғады .

Алматы облысының солтүстік-батысында жел 15-20 м/с, Алакөл көлдері ауданында 20-25, екпіні 29 м/с және одан аса.

Түнде солтүстікте, орталықта, күндіз Атырау облысының шығысында тұман түседі, көктайғақ болады.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде көктайғақ болады, солтүстік-батыста, облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі, күндіз таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде көктайғақ болады, түнде облыс орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстігінде, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Серіктес жаңалықтары