Министр зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты жаңа бұйрыққа қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа нормаларға сәйкес енді мынандай мүмкіндіктер пайда болды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Министрлік мәліметіне сүйенсек, жаңа нормаларға сәйкес енді мынандай мүмкіндіктер пайда болды:

- баспана сатып алуға қаржы жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша салымды толтыру. Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет.

- жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке тұрғын үй салу.

«Бұл ретте тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша салымды кепіл ретінде беруге болмайды», - деді ведомстводан.