$ 498.75  523.09  5.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Айжан Есмағамбетова вакцина алуға қатысты жаңа құжатқа қол қойды

Қаулы 2021 жылдың 10 желтоқсанынан бастап күшіне енеді

Айжан Есмағамбетова вакцина алуға қатысты жаңа құжатқа қол қойды
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова вакцинация және ревакцинациядан кейін «жасыл» мәртебенің сақталу мерзіміне қатысты жаңа құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Хабар 24.

COVID-19-ға қарсы вакциналаудың аяқталмаған курсы бар адамдар үшін «жасыл» мәртебе вакцинаның бірінші компонентін алғаннан кейін 21 күн бойы сақталады.

Күнтізбелік 21 күн өткеннен кейін вакциналаудың екінші курсы болмаған жағдайда «жасыл» мәртебе «көкке» ауыстырылады. Ал COVID-19-ға қарсы вакциналаудың аяқталған курсы бар адамдар үшін «жасыл» мәртебе бір жыл бойы сақталады.

COVID-19-ға қарсы ревакцинация алған адамдар үшін ревакцинация алған күннен бастап «жасыл» мәртебе бір жыл бойы сақталады».

«Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді», - делінген ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Айжан Есмағамбетова қол қойған құжатта.

Қаулы 2021 жылдың 10 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.
 

Серіктес жаңалықтары