$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Биыл Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған сейсмостанция орнатылды

Қауіпті өндірістік объектілерде 826 тексеру жүргізілді

Биыл Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған сейсмостанция орнатылды

Жыл басынан бері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жүргізілген тексерулер нәтижесінде 99 мыңға жуық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Мәжілістің үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оның ішінде 16 мыңнан астам жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 мыңнан астам нысанның жұмысы тоқтатылды.

«Қауіпті өндірістік объектілерде 826 тексеру жүргізіліп, 23 мыңнан астам өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны анықталды. Сонымен қатар, жазғы кезеңде жеке тұрғын үйлерде 9 мыңға жуық және әкімдіктер мен демеушілер есебінен 129 мыңнан астам датчик орнатылды», - деп атап өтті Ильин.

Өз баяндамасында министр жыл сайын бірқатар көшкін және сел қаупі бар аймақтарда тұрақты түрде мониторинг жүргізілетінін ескеріп, аталған жерлерде 1 800-ге жуық жерүсті және аэровизуальды тексеріс ұйымдастырылатынын айтты.

Сондай-ақ, министр Сейсмология институты мен сейсмикалық тәжірибелік-әдістемелік экспедициның ТЖМ қарамағына өткенін хабарлап, олардың жұмысын баяндады.

«Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарының сейсмикалық аудандастыру картасын әзірлеу жұмысы басталды. Алматыда жер сілкінісін ерте хабарлайтын 9 автоматтандырылған сейсмостанция орнатылды (магнитудасы 4 балл және одан жоғары). Ол мобильдік қосымша арқылы көрсетіледі. Сонымен қатар тағы осындай 28 станция орнату жоспарлануда. Азаматтық қорғау саласындағы өзара іс-қимылды күшейту мақсатында Қазақстан 35 халықаралық оның ішінде 20 екіжақты және 15 көпжақты келісімге қол қойды», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары